Мазмұнға өту
qandastar.

Қызылордада 58 жануардың өлексесі анықталды: қылмыстық іс қозғалды

Малика Хамит
Қызылордада 58 жануардың өлексесі анықталды: қылмыстық іс қозғалды

Қызылордада киікке ұқсас 58 жануардың өлексесі анықталды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Олардың қалай өлгені әзірге белгісіз.

Оқиға 20 қарашада болған. «Охотзоопром» инспекторлары полиция қызметкерлерімен бірлесіп, қала аумағынан жануарлардың өлекселерін тапқан.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Мамандар жабайы жануарларды заңсыз аулауға және табиғатқа зиян келтіруге жол бермеу керектігін ескертті.

Бөлісу: Telegram WhatsApp