Қызылорда облысында жылыту маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасыларға көміртек тотығын анықтайтын 150 датчик сатып алынды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Датчиктер Қызылорда облысының балаларды қорғау жөніндегі басқармасының демеушілігімен алынған. Қазіргі уақытта құрылғыларды аталған отбасылардың тұрғын үйлеріне орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Көміртек тотығын анықтайтын датчиктер ауадағы улы газдың қауіпті деңгейін дер кезінде анықтап, тұрғындарға ескерту сигналын береді. Бұл адам өмірі мен денсаулығына төнетін қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді.
Мамандар жылыту маусымында пештер мен жылыту құрылғыларын қауіпсіз пайдалануға, мұржаларды уақытылы тазалауға және жылыту жүйелерінің жарамдылығын тұрақты тексеруге кеңес береді. Бұл талаптарды сақтау өрттің шығуы мен көміртек тотығынан улану қаупін азайтуға көмектеседі.