Қызылорда қаласында жол қозғалысы ережелерін бұзып, заңсыз кортеж ұйымдастырған 8 жүргізуші анықталды. Оларға әкімшілік шаралар қолданылды, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.
Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жол ережелерін бұзу дерегін анықтаған. Таралған бейнежазбаны зерделеу нәтижесінде заңсыз кортежге қатысқан 8 жүргізушінің жеке басы белгілі болды.
Тексеру барысында жүргізушілердің жолда қауіпті маневрлер жасап, басқа қозғалыс қатысушыларына қауіп төндіргені анықталды.
Құқық бұзушылардың барлығы – Қызылорда қаласының 20–25 жас аралығындағы тұрғындары. Оларға маневр жасау қағидаларын бұзу, авариялық жағдай туғызу және жол қозғалысы талаптарын сақтамау бойынша әкімшілік шаралар қолданылды.
Сонымен қатар сот шешімімен үш азаматқа ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды.
Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда жауапкершілік танытуға шақырды.