Алматыда Рахат Тұрлыхановқа қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды
порталы.
Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.
Ведомство ақпаратына сәйкес, отбасылық жанжалдан кейін іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы зерттеліп, қажетті дәлелдер мен материалдар жиналған.
Алайда арызданушы тарап кейін өз талаптарынан бас тартып, әрі қарай процеске қатыспайтынын хабарлаған. Осыған байланысты іс заң талаптарына сай қысқартылған.
Арызданушы өз талаптарын және одан әрі процеске қатысудан бас тартты, сондықтан қылмыстық іс заңды түрде қысқартылды
Сонымен қатар құқық қорғау органдары тұрмыстық жанжалдарға байланысты әрбір дерек бойынша азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау шаралары міндетті түрде қарастырылатынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, әнші Рахат Тұрлыхановтың әйелі күйеуінің үстінен арыз тастаған болатын.
Полиция мәліметінше, тәртіп сақшылары отбасылық жанжал бойынша шақыртуға барған.
Тексеріс барысында әйел бастапқыда өзіне күш қолданылғанын хабарлаған.
Алайда кейіннен соққыға жығу фактісін жоққа шығарып, отбасылық жанжал дерегі бойынша арыз түсірген.
Айта кетері, бұған дейін Рахат Тұрлыханов әйелін ұрғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынған болатын.