Мазмұнға өту
qandastar.

"Реал Мадрид" клубының Алматыға қашан келетіні белгілі болды

bahitzhanabzal · · 154 қаралым
"Реал Мадрид" клубының Алматыға қашан келетіні белгілі болды

Фото: ашық дереккөз

Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” арасындағы матч 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді, деп жазды qandastar.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. “Қайрат” Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі ойындарын 18 қыркүйекте бастайды. Алғашқы матч “Спортингке” қарсы болмақ.

Ал 30 қыркүйекте “Реал Мадридке” қарсы ойын өткізеді. Бұған дейін “Қайраттың” жаттықтырушысы Рафаэль Оразбахтин ойынды Астанада өткізу туралы мәселенің қаралып жатпағанын айтқан еді.

5 қарашада “Қайрат” клубы “Интер Миланмен” ойын өткізеді. Ең соңғы ойын 28 қаңтарда “Арсеналға” қарсы болмақ.

Бөлісу: Telegram WhatsApp