Актер әрі ММА шебері Еркебұлан Тоқтар Бота Миа атымен танымал блогер Ақбота Нұрақынмен арадағы қарым-қатынасқа қатысты желіде тараған қауесеттерге жауап берді. Әлеуметтік желідегі парақшасында видеолар жарнамалық түсірілім екенін мәлімдеді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Кursiv.media-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Реклама түсіріп жүрміз, не болды сооонша
Бұған дейін Еркебұлан блогер Ақбота Нұрақынға гүл сыйлап, күтіп жүрген сәттерін көрсеткен видеоларын
. Сол жазбалардан кейін желі қолданушылары екеуін жұп деп ойлап болжам жасаған.
Алайда жуырда жарияланған жаңа видеоларда Еркебұлан Тоқтар мен Бота Мианың бірге жаттығу жасап жатқаны, сондай-ақ кинода құшақтасып отырған кадрлары көрсетілді. Аталған бейнематериалдар «Ғашықпын саған» фильміне арналған жарнама екені белгілі болды.