Мазмұнға өту
qandastar.

Рекордшы Ерсейіт Бралин сайлау күні КамАЗ көлігін сүйреді

Бақытжан Мұса · · 30 қаралым
Рекордшы Ерсейіт Бралин сайлау күні КамАЗ көлігін сүйреді

Қазақстандық рекордшы Ерсейіт Бралин сайлау күні кезекті күштік перформансын көпшілік назарына ұсынды. Ол сайлау учаскесінің маңында дайындалған арнайы алаңда КамАЗ жүк көлігін сүйреп, өзінің күшін көрсетті. Перформанстан кейін спортшы сайлау учаскесіне кіріп, дауыс берді. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Бұған дейін Ерсейіт Бралин жалпы салмағы 165 тонна болатын жеті теміржол вагонын сүйреп, ел рекордын орнатқан болатын.

Бұл жолы да спортшы сайлау күніне арнайы өнер көрсетті. Ол арматураны қолымен майыстырып, одан «23» санын жасады. Осылайша күштік перформанс сайлау күнімен байланысты символдық сипатқа ие болды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp