Жаттығу Оңтүстік әскери округінде өтеді. Аталған аймаққа Астрахань және Волгоград облыстары кіреді.
Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оқу-жаттығудың негізгі мақсаты, "стратегиялық емес ядролық күштердің жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайындығын арттыру".
"Оқу-жаттығулар "аумақтық тұтастық пен егемендікті қамтамасыз етумен" байланысты. "Әскери оқу-жаттығу "батыс шенеуніктерінің арандатушылық мәлімдемелері мен қоқан-лоққыларына" жауап болады", - делінген хабарламада.
Алайда нақты қандай мәлімдемелер екені көрсетілмеген.