Мазмұнға өту
qandastar.

Ресейден экстрадицияланған қазақстандық әйел жазасын өтеуге жіберілді

Бақытжан Мұса · · 256 қаралым
Ресейден экстрадицияланған қазақстандық әйел жазасын өтеуге жіберілді

Қазақстанның Бас прокуратурасы іздеуде болған ел азаматшасын жазасын өтеу үшін Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан аудандық соты 2024 жылғы 10 мамырда әйелді адамдар тобы болып жасаған қарақшылық шабуыл және бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстары бойынша кінәлі деп танып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған.

Алайда сотталған әйел пробациялық бақылау кезінде 2025 жылдың наурыз айында жазасын өтеуден жалтарып кеткен. Соның салдарынан сот оның өтелмеген 1 жыл 4 ай 7 күндік мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырып, халықаралық іздеу жариялаған.

Кейін, 2025 жылғы қарашада әйел Ресей Федерациясының аумағында ұсталған. Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы негізінде ол елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта сотталған әйел жазасының қалған бөлігін өтеу үшін тергеу изоляторына қамалды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp