Блогер Азамат Сәрсенбаев Facebook парақшасында тұз бағасына қатысты ой салатын жазба жариялады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы хабарлады.
Оның айтуынша, дүкен сөрелерінде Ресейде өндірілген 1 келі тұздың бағасы небәрі 67 теңге болса, Қазақстанда өндірілген 900 грамм тұз 413 теңгеден сатылып жатыр.
Менің сөзім жоқ, сұрақтарым өте көп. Бірақ бірде-бір логикалық жауап жоқ
Азамат Сәрсенбаев отандық өнімнің импорттық тауардан бірнеше есе қымбат болуы түсініксіз екенін атап өтіп, бұл жағдай баға қалыптастыру, делдалдар мен нарықтағы бақылау мәселесіне қатысты сұрақтар туындататынын жеткізді.