«Северсталь» компаниясының құрамына кіретін Череповец металлургия комбинаты (ЧерМК) өнеркәсіптік алаңында екі қазақстандықтың мәйіті табылды, деп хабарлайды
порталы
-қа сілтеме жасап.
Өлімнің нақты себебі анықталып жатыр.
14 қаңтар күні Череповец металлургия комбинатының (ЧерМК) өндірістік алаңында мердігер ұйымның қызметкері болып табылатын екі қазақстандық ес-түссіз табылды. Қазіргі уақытта өлім себебі тергелуде, ал оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлердің отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз
Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, ал Ресейдің аймақ бойынша тергеу комитетінің тергеушілері оқиғаның мән-жайын анықтауда.