Мазмұнға өту
qandastar.

Ресейде әскери ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 19 адамның барлығы қаза тапты

Малика Хамит
Ресейде әскери ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 19 адамның барлығы қаза тапты

Ресейде әскери ұшақ апатқа ұшырап, борттағы 19 адамның барлығы қаза тапты, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Ресейдің Кемерово облысында Ан-12 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады. Қайғылы оқиға салдарынан борттағы 19 адамның ешқайсысы аман қалмаған.

«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, ұшақ сейсенбі күні жоспарлы рейс кезінде құлаған. Ол елді мекеннен тыс аумаққа құлағандықтан, жердегі адамдар зардап шеккені туралы ақпарат жоқ.

Ресей Қорғаныс министрлігінің алдын ала мәліметінше, апатқа техникалық ақау себеп болған. Қазір оқиға орнында Ресейдің Әуе-ғарыш күштерінің арнайы комиссиясы жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, Ан-12 – әскери мақсатта қолданылатын көлік ұшағы. Ол әскерилерді, жүктер мен әскери техниканы тасымалдауға арналған. Ұшақтың штаттық экипажы алты адамнан тұрады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp