Тоқаев Республика күніне орай құттықтау жолдаған шетелдік көшбасшыларға алғыс айтты, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Республика күніне орай құттықтау жолдаған шет мемлекеттер мен үкімет басшыларына, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне ризашылығын білдірді.
Президент бұл туралы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
«Республика күніне орай жолдаған риясыз құттықтаулары мен жылы лебіздері үшін барлық мемлекеттер және үкіметтер басшыларына, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдардың жетекшілеріне алғыс айтамын. Егемен елімізге арнаған ізгі тілектеріңізді халқымыз ризашылықпен қабылдады», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.