Португалия құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде Хорватияны 2:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Торонтодағы BMO Field стадионында өткен кездесуде алғашқы болып хорватиялықтар есеп ашты.
Матановичтің соққысынан кейін қайтқан допты Перишич сәтті пайдаланып, командасын алға шығарды.
Ойынның 68-минутында Криштиану Роналду пенальтиден мүлт кетпей, таразы басын теңестірді. Ал матчқа қосылған уақыттың төртінші минутында Гонсалу Рамуш Рафаэл Леаудың нәтижелі пасынан кейін жеңіс голын соқты.
Қосымша уақыттың соңында Хорватия тағы бір мәрте гол соққанымен, VAR тексерісінен кейін ол есепке алынбады.
Бұл матчта Роналду әлем чемпионаты плей-оффындағы алғашқы голын тіркеп, 41 жасында мұндай кезеңде гол соққан ең жасы үлкен футболшы атанды.
Сондай-ақ бұл оның кәсіби мансабындағы 976-шы голы болды.
Еске салайық, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында Канада, АҚШ және Мексикада өтеді. Қазіргі әлем чемпионы – Аргентина құрамасы.