Мазмұнға өту
qandastar.

Роналдудың әлем чемпионатындағы соңғы жорығы аяқталды

Малика Хамит · · 236 қаралым
Роналдудың әлем чемпионатындағы соңғы жорығы аяқталды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында Испания құрамасы Португалияны жеңіп, ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды порталы.

Ал Криштиану Роналду бастаған португалиялықтар турнирдегі өнерін аяқтады.

Далласта өткен 1/8 финалдық кездесуде қос команда ұзақ уақыт бір-бірінің қақпасына жол таба алмады. Бірінші тайм голсыз аяқталса, үзілістен кейін де қорғаныс шебі мықты болды.

Матч тағдыры қосымша уақыттың алғашқы минутында шешілді. 90+1 минутта Ферран Торрес ұйымдастырған шабуылды Микель Мерино сәтті аяқтап, Испанияға жеңіс сыйлады.

Осылайша Испания 1:0 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Енді команда келесі кезеңде АҚШ пен Бельгия арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Бұл матч Криштиану Роналду үшін ерекше мәнге ие болды. Аңызға айналған шабуылшы үшін бұл әлем чемпионатындағы соңғы турнир саналады. Ұлттық құрама сапында Еуропа чемпионатын және Ұлттар лигасын жеңіп, көптеген жеке марапатқа қол жеткізген Роналдуның мансабында әлем чемпионатының алтын жүлдесі бұйырмады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp