Мазмұнға өту
qandastar.

Роза Рымбаева Жазира Байырбековаға келінді қалай ұстау керек екенін айтты

bahitzhanabzal · · 290 қаралым
Роза Рымбаева Жазира Байырбековаға келінді қалай ұстау керек екенін айтты

Әнші Жазира Байырбекова халық әртісі Роза Рымбаевадан келінге қалай қарау керектігі жөнінде пікірін сұрады, деп жазады qandastar.kz.

Роза Рымбаева қазіргі қоғамда келінге құл сияқты қарайтын жағдайлар бар екенін айтып, бұл көзқарасты сынға алды. Оның айтуынша, келін – үйдің болашағы мен берекесін сақтайтын жан.

Менің түсінігімде келін – қызым емес, мен кеткеннен кейін орнымды басатын адам. Ошақтың анасы болатын жан
деді халық әртісі.

Сондай-ақ ол өмірдің өткінші екенін атап өтіп, отбасының ертеңі келіннің қолында екенін жеткізді.

Мен 100–200 жыл өмір сүрмеймін. Мен кеткенде орнымды осы келінім басады. Сондықтан келінге ақылмен, сабырмен қарап, білгеніңді үйреткен дұрыс
деп түйіндеді Рымбаева.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Жазира Байрбек (@zhazira_bairbekova)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp