Мазмұнға өту
qandastar.

Рудныйда 21 отбасы үйлі болды

qandastar · · 233 қаралым
Рудныйда 21 отбасы үйлі болды

Пәтер кілтін алғандар қатарында халықтың әлеуметтік осал топ өкілдері, көпбалалы отбасылар және балалар үйінің түлектері бар.

Үй ауласында ойын алаңы, автотұрақ салынып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, кеншілер қаласында жыл аяғына дейін тағы 6 тұрғын үй кешені қолданысқа беріледі. Гүлжазира Ерназарова, қала тұрғыны: - Мен осы қуанышымды 15 жыл күттім.

Көпбалалы анамын. Аллаға мың да бір шүкірлігімді айтамын және де осы жоғарыдағы Қостанай әкімдігіне және Рудныйдың әкімдігіне осы үйді алуға атсалысқан ағаларымызға, баршаға шексіз алғысымды білдіремін. 15 жыл күттім. Өте қуаныштымын. Қалай жеткізерімді білмей тұрмын.

Бөлісу: Telegram WhatsApp