Мазмұнға өту
qandastar.

Сәбиді әжетханаға тастап, үстіне топырақ төккен: Сайрамдағы сұмдық оқиға сотта қаралды

Малика Хамит · · 805 қаралым
Сәбиді әжетханаға тастап, үстіне топырақ төккен: Сайрамдағы сұмдық оқиға сотта қаралды

Түркістан облысында жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Сайрам аудандық соты әйелге қатысты қылмыстық істі қарап, оны жаңа туған сәбиін босану кезінде өлтіргені үшін кінәлі деп таныды.

Сот мәліметінше, әйел жүктілігін туыстарынан жасырған. Медициналық есепке де тұрмаған және жүктілік кезінде дәрігерлерге қаралмаған.

2025 жылдың желтоқсанында оның үйінде толғақ басталып, әйел әжетханада толық жетілген нәрестені дүниеге әкелген.

Алайда сәбиін құтқаруға әрекет жасамай, оны әжетхана шұңқырына тастаған. Кейін үстіне ауладағы топырақ пен құмды төккен.

Сотта әйел өз кінәсін толық мойындады. Прокурор оған 2 жылға бас бостандығын шектеуді сұраған.

Нәтижесінде сот 2026 жылғы 20 мамырдағы үкімімен оны ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp