Түркістанда полиция капитаны қызмет барысында көз жұмды, деп хабарлайды
порталы.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Қонысбековтың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Министр марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақ екенін жеткізіп, Ішкі істер министрлігі тарапынан оларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
Бауыржан Қонысбеков қызметтік борышын орындау барысында қаза тапқан. Оның отбасы мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Саденов Ержан Сапарбекович (@sadenov_online)