Мазмұнға өту
qandastar.

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуына қатысты алғаш рет пікір білдірді

Малика Хамит
«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуына қатысты алғаш рет пікір білдірді

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың ұсталуына байланысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Қордың хабарлауынша, қазір құқық қорғау органдары жүргізіп жатқан тергеу жұмыстарына қажетті ақпарат пен материалдар ұсынылып жатыр.

«Қор Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында қажетті өзара іс-қимылды қамтамасыз етіп, құқық қорғау органдарына жан-жақты жәрдем көрсетіп жатыр», – делінген ресми хабарламада.

Еске салайық, 12 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Елжас Отыншиевті ұстаған. Екі басшыға қатысты сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Нұрлан Жақыпов 2023 жылдың сәуірінен бері «Самұрық-Қазына» қорын басқарып келеді. Ал Елжас Отыншиев «ҚТЖ» басшысы қызметіне 2026 жылдың шілдесінде тағайындалған. Оның кандидатурасын «Самұрық-Қазына» қорының басқармасы мақұлдаған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp