Мазмұнға өту
qandastar.

«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары қамауға алынды

Малика Хамит
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары қамауға алынды

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Қазақстандағы екі ірі ұлттық компанияның басшыларына қатысты сот қамауға алу туралы шешім шығарды. «Самұрық-Қазына» қорының төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы Елжас Отыншиев тергеу изоляторына қамалды.

Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады.

Ведомствоның мәліметінше, екі басшы да 12 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілген. Ал 14 қарашада тергеу соты оларды қамауда ұстауға санкция берген.

Қазіргі уақытта оларға қатысты қандай нақты эпизодтар тергеліп жатқаны және істің егжей-тегжейі жарияланған жоқ.

Айта кетейік, Нұрлан Жақыпов «Самұрық-Қазына» қорын 2023 жылдың сәуірінен бері басқарады. Ал Елжас Отыншиев ҚТЖ басшысы қызметіне 2026 жылдың шілдесінде тағайындалған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp