Мазмұнға өту
qandastar.

«Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары ұсталды

Малика Хамит
«Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары ұсталды

Қазақстанда ірі мемлекеттік компаниялардың басшыларына қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

11 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Ерлан Орыншиевті ұстады.

ҰҚК мәліметінше, олар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Сонымен қатар осы іске қатысы бар өзге де адамдар ұсталған.

Қазіргі уақытта тергеушілер істің барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Ведомство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жарияланбайтынын хабарлады.

ҰҚК мәлімдемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Мемлекет басшысының тапсырмасы мен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жалғасатыны айтылған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp