Мазмұнға өту
qandastar.

«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуынан кейін Тоқаев шұғыл жиын өткізеді

Малика Хамит
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуынан кейін Тоқаев шұғыл жиын өткізеді

Тоқаев көлік-логистика саласындағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізеді, деп хабарлайды Qandastar.kz.

13 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстанның көлік-логистика саласын дамыту мәселелеріне арналған Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысы өтеді.

Жиында «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшыларына қатысты қозғалған қылмыстық іс те талқыланады. Еске салайық, олардың басшылары сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталған болатын.

Мемлекет басшысы осы жағдайға байланысты мемлекеттің ұстанымын білдіріп, «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтау қажеттігін атап өтеді.

Сондай-ақ стратегиялық маңызы бар ұлттық компаниялар басшыларының жеке жауапкершілігі, олардың жұмысындағы заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp