Мазмұнға өту
qandastar.

Санжар Боқаевқа қатысты бұлтартпау шарасы өзгермеді

Малика Хамит · · 773 қаралым
Санжар Боқаевқа қатысты бұлтартпау шарасы өзгермеді

Алматы қалалық соты қоғам белсендісі әрі блогер Санжар Боқаевқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы қорғаушы тараптың шағымын қанағаттандырмады, деп хабарлайды

порталы.

Адвокат Радмир Утеповтың айтуынша, сот тергеу сотының бұрын шығарған шешімін күшінде қалдырған.

Бұған дейін Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі 2026 жылдың 18 маусымына дейін ұзартылған болатын.

2026 жылдың 21 мамырында Алматы қалалық соты біздің апелляциялық шағымымызды қанағаттандырусыз қалдырды. Сот қорғауымыздағы Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды
деді адвокат Радмир Утепов.

Еске салайық, Санжар Боқаев 2026 жылдың 18 наурызында Алматыда ұсталған еді.

Бас прокуратура мәліметінше, ол ұлттық компаниялардың бірінде қызмет атқарған кезеңде ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Бөлісу: Telegram WhatsApp