Мазмұнға өту
qandastar.

Сапасыз тауар сатып алдыңыз ба? Тұтынушының 5 негізгі құқығы

Бақытжан Мұса · · 15 қаралым
Сапасыз тауар сатып алдыңыз ба? Тұтынушының 5 негізгі құқығы

Сапасыз тауар сатып алсаңыз не істеу керек? Қазақстандықтардың 5 негізгі құқығы

Дүкеннен немесе интернет арқылы алған тауарыңыз бұзылған, жарамсыз немесе сапасыз болып шықса, заң сіздің жағыңызда. ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, азаматтар сапасыз тауар анықталған кезде өз таңдауы бойынша бірнеше талаптың бірін қоюға толық құқылы, дейді

сайты.

Тұтынушы не талап ете алады?

  •  Тауарды ауыстыру: Ақауы бар тауарды дәл сондай сапалы тауарға немесе бағасы қайта есептеліп, басқа маркадағы модельге ауыстырып алу.
  •  Бағасын арзандату: Тауардың кемшілігін ескере отырып, оның бастапқы сатып алу бағасын пропорционалды түрде төмендетуді өтіну.
  • Тегін жөндету: Сатушыдан немесе өндірушіден ақауды өтеусіз жоюды талап ету. Егер жөндеуді өзіңіз жасасаңыз, кеткен шығынды өтеп алу.
  • Ақшаны кері қайтару: Келісімшартты бұзып, тауарды дүкенге қайтару және төленген қаржыны толық көлемде кері алу.
  • Шығынды өндіру: Сапасыз тауардың кесірінен келтірілген өзге де материалдық шығындарды (мысалы, жеткізу немесе сараптама құнын) өтеткізу.

Есте сақтайтын маңызды жайттар:

  • Чектің жоқтығы кедергі емес: Чек немесе түбіртек болмаған жағдайда да тауарды қайтаруға болады. Төлем жасалғанын банк үзіндісі (выписка), куәгерлердің сөзі немесе видеожазба арқылы дәлелдеу жеткілікті.
  • Талап қою мерзімі: Кепілдік немесе жарамдылық мерзімі белгіленбеген тауарлар бойынша талапты сатып алған күннен бастап 2 жыл ішінде қоюға құқыңыз бар.

Егер сатушы заңды талабыңызды орындаудан бас тартса, Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне, e-Otinish платформасы арқылы немесе сотқа шағымдана аласыз.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp