Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында бірнеше жасөспірім стадиондағы көрермендерге арналған орындықтарды бүлдірген. Оқиға бейнеленген видео әлеуметтік желілерде тарап, тұрғындардың наразылығын тудырды. Бұл туралы Qandastar.kz агенттігі хабарлады.
Кадрлардан балалардың орындықтарды жұлып алып, теуіп жатқанын көруге болады.
Полиция мәліметінше, «Жастар» стадионы аумағында болған вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тәртіп сақшылары екі кәмелетке толмаған жасөспірімді анықтап, олармен және ата-аналарымен профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Сондай-ақ балаларын тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұдан бөлек, келтірілген материалдық шығынды өтеу міндеті жүктелетін болды.