Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында жеке тұрғын үйдің ауласында сақталған 100 бума шөп өртенді, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама «112» пультіне Степная көшесінен түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер «Горняк» саяжай алқабындағы жеке үйдің аумағында шөп жанып жатқанын анықтады.
ТЖМ қызметкерлері жедел түрде өртті сөндіруге кірісіп, жалынды толық ауыздықтады. Оқиға орнында өрт сөндірушілермен бірге «Серіктес» ЖШС қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері де жұмыс істеді.
Өрттен зардап шеккендер жоқ.
Осыған байланысты ТЖМ тұрғындарға шөпті ашық от көздерінен алыс жерде сақтап, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды ескертеді.