Қазақстандық шоу-бизнесте тағы бір даулы жағдай басталды.
Танымал продюсер Баян Алагөзова әнші Мөлдір Әуелбекованың соңғы шешіміне қатысты ашық пікір білдіріп, желіде қызу талқы тудырды, деп хабарлайды
порталы.
Бұған дейін Мөлдір Әуелбекова KeshYOU тобының алдағы есеп беру кешіне қатыспайтынын хабарлаған еді. Әншінің бұл мәлімдемесінен кейін Баян Алагөзова үнсіз қалмады.
Продюсердің айтуынша, ол Мөлдірдің беделін көтеруге көп еңбек сіңірген.
Мен фильмде оның беделін барынша көтеруге тырысқанымда, ол концертке қатыспайтынын өз бетінше шешті

Сонымен қатар, продюсер бұл әрекетті өзіне деген құрметсіздік ретінде қабылдағанын аңғартты.
Мен енді саған сен үшін жасаған барлық ісіме түкіруге жол бермеймін
Ең көп талқыланған тұс – Баян Алагөзованың әншіні «сатқын» деп атауы болды. Ол бұл сөзінің себебін кейінірек ашып айтатынын мәлімдеді.
Оның неге шын мәнінде сатқын екенін айтатын уақыт келген сияқты
Ал Мөлдір Әуелбекова өз шешімін шығармашылық жолындағы жаңа кезеңмен байланыстырды. Оның айтуынша, ол өнердегі 22 жылдық сапарында өзін жеке бренд ретінде қалыптастырған.
Әнші тыңдармандарына алғыс айтып, биыл жеке есеп беру концертін өткізетінін де жеткізді.
«Қисынсыз шоу емес, талғам мен сапаға құрылған өнер кешінде кездесеміз», – деді әнші.
Қос өнер иесінің арасындағы бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу пікірталасқа айналып, жанкүйерлер екіге бөлінді.