Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудтан ресми хаттар жолданды, деп хабарлайды Qandastar.kz. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылғы 23 сәуірде мәлімдеген.
Хатта Сауд Арабиясы басшылығы Таяу Шығыстағы күрделі жағдайға байланысты Қазақстан Президентінің Корольдікке білдірген қолдауы мен тілектестігін жоғары бағалап, оған шынайы ризашылықтарын жеткізген.
Сонымен қатар екі ел арасындағы бауырластыққа негізделген тығыз қарым-қатынастар атап өтіліп, барлық саладағы ынтымақтастықты ортақ мүдде тұрғысынан әрі қарай дамытуға дайын екендері расталған.
Хат соңында Сауд Арабиясы тарапынан Мемлекет басшысына мықты денсаулық, ал Қазақстан халқына амандық пен береке тілегі жолданған.