Мазмұнға өту
qandastar.

Сауд Арабиясы Иранға энергетика секторына шабуылдарды тоқтатуды ескертті

Бақытжан Мұса · · 165 қаралым
Сауд Арабиясы Иранға энергетика секторына шабуылдарды тоқтатуды ескертті

Сауд Арабиясының билігі Иран тарапынан елдің энергетика инфрақұрылымына жасалған шабуылдар жалғасса, корольдік АҚШ әскери күштеріне өз базаларын пайдалануға рұқсат беріп, жауап шараларын қабылдауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Qandastar.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Осы апта басында Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Фейсал ибн Фархан Әл Сауд Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен кездесіп, Эр-Риядтың ұстанымын жеткізді. Министр Сауд Арабиясы Таяу Шығыстағы жағдайды ушықтырмау үшін кез келген делдалдыққа ашық екенін атап өтті.

Ирандық дереккөздер телефон арқылы болған сөйлесулерде Сауд Арабиясы Тегеранды көршілес мемлекеттерге жасалатын шабуылдарды тоқтатуға шақырғанын растаған. Иран болса шабуылдардың Парсы шығанағы елдеріне емес, олардың аумағындағы америкалық базаларға бағытталғанын айтқан.

Сонымен қатар, Иран аймақтағы америкалық базаларды жабуды және кейбір мемлекеттердің Вашингтонға беретін барлау ақпаратын тоқтатуды талап ететінін мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл ақпарат оған қарсы соққылар жасау үшін қолданылып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иран аумағындағы нысандарға соққы жасап, қираулар мен бейбіт тұрғындардың қаза табуы туралы хабарланды. Иран өз кезегінде Израиль аумағына және Таяу Шығыстағы АҚШ әскери нысандарына соққы жасауда.

Бөлісу: Telegram WhatsApp