Мазмұнға өту
qandastar.

Сауда министрі азық-түлік бағасын бақылап көрді

bahitzhanabzal · · 100 қаралым
Сауда министрі азық-түлік бағасын бақылап көрді

Фото: gov.kz

Сауда және интеграция министрлігі еліміз бойынша "Береке fest" атты акцияның басталғанын хабарлады. Бұл бастама – азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралардың бір бөлігі, деп жазды qandastar.kz

Акция шеңберінде 80-ге жуық ірі сауда нүктесінде арнайы жеңілдік аймақтары ұйымдастырылып, отандық тауар өндірушілердің өнімдері төмендетілген бағамен ұсынылуда. Министрлік өкілдерінің айтуынша, жеңілдіктерді табу оңай – акцияға қатысатын дүкендерге "Береке Fest" деген жазуы бар арнайы белгілер ілінген.

Министр Арман Шаққалиев өзі де бірқатар сауда орындарын аралап, акцияның барысымен танысты.

Бөлісу: Telegram WhatsApp