Мазмұнға өту
qandastar.

Саят Исембаев Джеки Чанмен кездесіп, бірге түскен суретін көрсетті

Бақытжан Мұса · · 17 қаралым
Саят Исембаев Джеки Чанмен кездесіп, бірге түскен суретін көрсетті

«Рэкетир» фильмі арқылы көпшілікке танылған қазақстандық актер Саят Исембаев әлеуметтік желідегі парақшасында әлемге әйгілі актер әрі каскадер Джеки Чанмен бірге түскен суретін жариялады. Бұл туралы

ақпарат агенттігі хабарлады.

Актердің айтуынша, сурет 2026 жылғы 11 тамызда түсірілген. Ол бала күнінен Джеки Чанның фильмдерін көріп өскенін айтып, әйгілі өнер иесіне деген құрметін жеткізді.

Мистер Джеки Чан. Әлемдік аңыз. Бала кезімізде фильмдеріңізді көріп, сізге сүйсініп өстік. Сіз – мықтысыз
деп жазды Саят Исембаев.

Қос актердің бір кадрдағы суреті әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Пікір қалдырғандар оларды «Екі жұлдыз», «Екі аңыз», «Аңыз бен аңыз» деп атап, кездесуге тәнті болғандарын жеткізді.

Кейбір желі қолданушылары әзілдеп, «Жаңа "Рэкетир 4" фильмінің актерлік құрамын енді білдік» деген пікірлер қалдырған.

Саят Исембаевтың Джеки Чанмен кездесуі оның жанкүйерлері үшін күтпеген әрі жағымды жаңалыққа айналды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp