Мазмұнға өту
qandastar.

Сейфуллин Жолбарыс журналистке ренжіп қалды

bahitzhanabzal · · 452 қаралым
Сейфуллин Жолбарыс журналистке ренжіп қалды

Әнші-композитор Жолбарыс Сейфуллин сұхбат барысында ыңғайсыз жағдайға тап болды, деп хабарлайды qandastar.kz

Құрмаш Маханның орындауындағы «Жан сырым» әнінің авторы өзі екенін айтқан сәтте, оған: «Хит қой, керемет ән... Қалай сіздікі? Әлі де сенбей тұрмын...» деген тосын сұрақ қойылады.

Осы кезде Жолбарыс бірден қалжыңға бұрып: «Мынадай боймен дейсің ғой?» деп жылы жымиды.

Желі қолданушылары сұрақ қоюшының хайп қуған әрекетінен гөрі, Сейфуллиннің әзілді көтере білетін ашық мінезіне тәнті болып, жағымды пікірлерін қалдырды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp