Мазмұнға өту
qandastar.

Семей қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Бақытжан Мұса · · 106 қаралым
Семей қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Семей қаласы әкімінің жаңа орынбасары болып Әсет Баймұрзаев тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, дейді Qandastar.kz сайты.

Әсет Баймұрзаев еңбек жолын 2005 жылы Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы Қызыл Жұлдыз ауылында орналасқан С. Тұрсабеков атындағы орта мектепте бас бухгалтер қызметінен бастаған. Кейін Науалы ауылындағы орта мектепте осы салада жұмысын жалғастырған.

2006 жылдан бастап Үржар ауданының қаржы бөлімінде түрлі қызметтер атқарып, жетекші маманнан бас маман лауазымына дейін көтерілген.

2015 жылы аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінде қаржы саласы бойынша сектор меңгерушісі болып тағайындалды. Сол жылы Егінсу ауылдық округінің әкімі қызметіне келіп, бұл міндетті 2019 жылға дейін атқарған.

Кейін Үржар ауданы әкімінің аппаратында қызмет етіп, аппарат басшысы лауазымына бекітілді. Абай облысы құрылғаннан кейін де осы қызметін жалғастырды.

2024 жылы Үржар ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалса, 2025 жылдың қазан айынан 2026 жылдың мамырына дейін Курчатов қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp