Семейде 19 жастағы студент қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Қайғылы жағдай Водный кентінде болған.
Оқиға 21 қыркүйекте тіркелген. Полиция күдіктіні көп ұзамай анықтап, ұстады. Ол — осы ауданның 24 жастағы тұрғыны.
Абай облысының полиция департаменті мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Алдын ала ақпарат бойынша, марқұм қыз бен күдікті бір-бірін бұрыннан таныған.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтауда.