Тоғыз жыл бұрын Семей қаласында 1,5 жасар қыздың суға батырылғаны туралы оқиға тараған. Баланың анасы күйеуімен ұрысып қалып, артынша бүлдіршінді Ертіске тастап жібергенін айтқан, деп хабарлайды КТК. Алайда баланың денесі табылмаған. Туыстары баланың тірі болуы мүмкін деп есептеп, істі қайта қарауды сұрап отыр.
Оқиға 24 жастағы әйелдің туған қызын Ертіске батырып өлтіргенін мойындауымен басталған. Кейін әйел суға кетпекші болғанын, бірақ бұл ойынан айнып қалғанын айтқан. Сол түні баланың әкесі әйелмен болған жанжалды растап, өзі де суға кетуге әрекет жасаған, бірақ аман қалған.
Қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер тергеуге алынғанымен, баланы полиция мен құтқарушылар таба алмады. Бұл қайғыны көтере алмай, баланың әкесі де өмірден өткен. Ешкім жауапқа тартылмаған.
Жуырда туыстары полицияға қайта жүгініп, іс материалдарымен танысты. Құқық қорғау органдары толық ақпарат бермей отыр, бірақ тоғыз жыл бұрынғы оқиғаны қайта зерттеп жатыр.
Баланың әпкесі Зарина Серікбосынова былай дейді:
"Ол баланы суға батырып жібергенін айтады. Біз бұған сенбейміз. Бәлкім, баланы біреуге сатып жіберген болуы мүмкін. Іс архивте жатыр, тоғыз жыл өтті. Ағамның өмірден өткеніне бес жыл болды. Біздің Айшаны тауып, көмек алғанын қалаймыз."