Семей қаласында полиция қызметкерлері коммуналдық қызмет мамандарымен және еріктілермен бірлесіп, тұрмыстық қалдыққа толып кеткен пәтерді тазарту жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды
порталы.
Тексеру көпқабатты үй тұрғындарының шағымынан кейін басталған. Тұрғындар пәтерден шыққан жағымсыз иіс, антисанитариялық жағдай және өрт қаупіне алаңдаған.
Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері үй ішінде ұзақ уақыт бойы жиналған қоқыс пен қажетсіз заттардың өте көп екенін анықтады. Тазарту барысында пәтерден шамамен үш КамАЗ қоқыс шығарылған.
Мамандардың айтуынша, қоқысқа толған пәтер тек оның иесіне ғана емес, бүкіл тұрғындарға қауіп төндірген. Өрт шығу, инфекция таралу және санитариялық талаптардың бұзылу қаупі болған.
Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, тазарту жұмыстарын үйлестірген. Сонымен қатар пәтер иесімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, оған әлеуметтік көмек ұсынылған.
Уақтылы қабылданған шаралардың арқасында ықтимал төтенше жағдайдың алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін болды.
Полиция азаматтарды санитариялық талаптарды сақтауға және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар туралы дер кезінде хабарлауға шақырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Семей қ. ПБ | УП г.Семей (@policesemey)