Мазмұнға өту
qandastar.

«Семей орманында» ағаш кесуге ақша үшін рұқсат бергендер анықталды

Малика Хамит 41 қаралым
«Семей орманында» ағаш кесуге ақша үшін рұқсат бергендер анықталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратурамен бірлесіп, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты заңсыз әрекетті анықтады, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Тергеу нұсқасы бойынша, күдіктілер ағаштарды жаппай заңсыз кесіп, кейін өткізуге мүмкіндік беретін тұрақты схема ұйымдастырған. Олар ақшалай сыйақы үшін орманның құнды учаскелеріне кедергісіз кіруге жағдай жасаған деп күдікке ілінді.

Тінту кезінде тергеу үшін маңызды бірқатар заттай дәлелдеме табылды. Олардың арасында бухгалтерлік құжаттар, ағаш кесуге арналған орман орамдары және ақша қаражатын бөлу туралы қолжазба жазбалар бар.

Қазір бұл іс бойынша Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp