Мазмұнға өту
qandastar.

Семей жылу маусымына дайын болмай шықты: шенеунік жауапқа тартылмақ

Малика Хамит 77 қаралым
Семей жылу маусымына дайын болмай шықты: шенеунік жауапқа тартылмақ

Семейдегі жылу желілерінің уақытында дайын болмауы Абай облысы әкімінің орынбасарына қатысты тәртіптік шара қолдануға себеп болды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жылу беру маусымына дайындық барысын талқылады. Оның айтуынша, өңірлерге жылу көздері мен желілерін 1 қазанға дейін толық әзірлеу тапсырылған.

Алайда бұл талапты барлық өңір бірдей орындамаған. Семей қаласында жылу желілерін белгіленген мерзімге дейін дайындау жұмыстары аяқталмай қалған.

Осыған байланысты Олжас Бектенов Абай облысы әкімінің жылу саласына жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Қазір елдің басым бөлігінде жылу берілген. Ал оңтүстік және батыс өңірлерде жылыту маусымы ауа райы мен бекітілген кестеге сәйкес басталады.

Премьер-министр өңір әкімдеріне тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесін де назарда ұстауды тапсырды. Әсіресе отын бағасын бақылауда ұстап, көмір тапшылығына жол бермеу қажет.

Бөлісу: Telegram WhatsApp