Семейде үйдің төбесі опырылып, ер адам үйінді астында қалды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Семей қаласында жеке тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде төбе жабындары опырылып, бір адам үйінді астында қалды.
Оқиға туралы кеше 112 нөміріне хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үйінді астында қысылып қалған ер адамды шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.
ТЖМ өкілдері құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.