Мазмұнға өту
qandastar.

Сенаттың соңғы отырысы: Әшімбаев әріптестеріне ризашылығын білдірді

Малика Хамит · · 104 қаралым
Сенаттың соңғы отырысы: Әшімбаев әріптестеріне ризашылығын білдірді

Астанада Сенаттың кезекті әрі тарихи маңызы бар соңғы отырысы өтті, деп хабарлайды

порталы.

Жиын барысында сенаторлар күн тәртібіндегі мәселелерді қарап болғаннан кейін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев әріптестеріне арнап қорытынды сөз сөйледі.

Палата спикерінің айтуынша, бұл отырыс Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 30 жылдық тарихындағы соңғы отырыс болды. Ол алдағы уақытта елдің жаңа саяси жүйеге қадам басатынын атап өтті.

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 30 жылдық тарихындағы соңғы отырысы өтті. Ертең палаталардың бірлескен отырысында кезекті сессиямыз ресми түрде жабылады. 1 шілдеден бастап халқымыздың қолдауын тапқан жаңа Ата заңымызға сәйкес, парламенттің өкілеттілігі тоқтатылады. Тамыз айында бір палаталы парламент – Құрылтайға сайлау өтеді. Осылайша, 1995 жылғы Конституцияға негізделген қос палаталы парламент өзінің 30 жылдық тарихи миссиясын абыроймен аяқтайтын болады. Бұл – ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашатын маңызды сәт
деді Мәулен Әшімбаев.

Спикердің мәліметінше, Сенаттың 30 жылдық тарихында 846 азамат сенатор қызметін атқарған. Ол палата жұмысына үлес қосқан барлық әріптестеріне алғыс білдірді.

Соңғы отырыс барысында Үкіметке депутаттық сауалдар жолданған жоқ.

Бөлісу: Telegram WhatsApp