Жетісу облысында бірнеше ай бойы қызды қудалап жүрген ер адамға қатысты сот шешімі шықты, деп хабарлайды
порталы.
Алакөл аудандық сотында сталкинг және қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық фактілері бойынша қылмыстық іс қаралды.
Сот материалдарына сәйкес, аудан тұрғыны бірнеше ай бойы әйелдің еркінен тыс байланыс орнатуға тырысқан. Ол әлеуметтік желідегі парақшаларын тауып алып, тұрақты түрде хабарламалар жіберіп, мазасыздық туғызған. Сонымен қатар жәбірленушіні көпшілік алдында балағаттап, ар-намысына тиген.
Оқиға жергілікті дүкендердің бірінде жалғасқан. Куәгерлердің айтуынша, қызға дөрекі сөйлеген азаматқа ескерту жасалған. Алайда ол бұған ашуланып, үйінен пышақ алып келіп, дүкенге қайта оралған. Кейін куәгерге қарай пышақ сермеп, күш қолдану қаупін тудырған.
Кешенді психолого-психиатриялық сараптама қорытындысына сәйкес, азаматқа «параноидты шизофрения» диагнозы қойылған.
Мамандар оның оқиға кезінде өз әрекеттерінің мәнін толық түсініп, оларды басқара алмағанын анықтаған.
Сараптама қорытындысына сәйкес, азамат қоғамдық қауіпті әрекеттерді жасаған кезде өз іс-әрекеттерінің нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған және оларды басқара алмаған
Осыған байланысты сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатып, жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық шара қолдану туралы қаулы шығарды.