Құрылтай депутаты Серік Егізбаев ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланды. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.
Тиісті шешім Таврия сарайында өткен комиссия отырысында қабылданды.
Жиында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің пайдалы қазбалар қорлары мен кен орындарын игеру саласындағы сарапшыларына қатысты ұсынымдар жобасы қаралды.
Сонымен қатар парламентшілер климаттың өзгеруіне бейімделу, су ресурстарын басқаруды жетілдіру, қауіпті табиғи құбылыстарды ерте ескерту жүйелерін дамыту және құрғақшылық жағдайында ауыл шаруашылығын жүргізудің тиімді әдістерін енгізу мәселелерін талқылады.
Бұдан бөлек, «Таулы аумақтарды орнықты дамыту» екінші халықаралық форумының шешімдерін іске асыру және ТМД кеңістігінде азық-түлік қауіпсіздігін арттыру бағытындағы ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды.