Мазмұнға өту
qandastar.

Сеулдегі құрылыс алаңында қазақстандық қайтыс болды

Малика Хамит 13 қаралым
Сеулдегі құрылыс алаңында қазақстандық қайтыс болды

Оңтүстік Корея астанасында құрылыс нысанында жұмыс істеген 30 жастағы Қазақстан азаматы қайғылы оқиғадан көз жұмды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Оқиға Сочхо ауданындағы нысанда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам ғимараттың 23-қабатында жұмыс басталуын күтіп тұрған кезде төбенің бетон бөлігі опырылып түскен. Қазақстандық алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

Оқиғадан кейін Кореяның еңбек органдары құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатып, тергеу бастаған. Қайғылы жағдайдың нақты себептері анықталып жатыр.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі оқиғаны растады. Дипломаттар марқұмның жақындарымен байланыс орнатып, қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде.

Бөлісу: Telegram WhatsApp