Туризм және спорт министрлігі мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровқа қатысты қоғамда қызу талқыланған келісімшарт мәселесіне ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды
порталы.
Вице-министр Серік Жарасбаевтың айтуынша, спортшының командасына жолданған келісімшартқа қол қойылып, тараптар барлық мәселелер бойынша ортақ келісімге келген.
Бүгінгі күні келісімшарт Шайдоровтың командасына жолданды және оған қол қойылды. Қол қою рәсімінің барлығы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес өтті. Тараптар келісімшарттың барлық тармағын жан-жақты талқылап, ортақ мәмілеге келді
Министрлік өкілінің сөзінше, құжат ресми түрде қабылданғаннан кейін келісімшартта қарастырылған қаржы толық көлемде төленеді.
Сондай-ақ ведомство Михаил Шайдоровтың алдағы жоспарларын да жариялады. 5 маусым күні спортшы жаңа маусымға дайындықты бастау үшін АҚШ-қа аттанады.
Бұған қоса, жақын күндері Михаил Шайдоров өз командасымен бірге Туризм және спорт министрлігіне барып, алдағы жарыстар мен келесі Олимпиада ойындарына дайындық мәселелерін талқылайды. Кездесу барысында Қазақстандағы мәнерлеп сырғанауды дамыту бағытындағы жоспарлар да қарастырылады.
Вице-министр спортшыны ел спортының мақтанышы деп атап, министрлік тарапынан оған әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Михаил Шайдоров – отандық спорттың мақтанышы. Біз оның халықаралық аренада табысты өнер көрсетіп, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз