Қазақстан құрамасы Шанхайда өткен WorldSkills 2026 әлем чемпионатында 8 марапатқа ие болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оның ішінде бір қола медаль, кәсіби шеберлігі үшін алты медаль және «Best of Nation» жүлдесі бар.
Қола медальді «Ұшқышсыз авиациялық жүйелер» құзыреттілігі бойынша бақ сынаған Руслан Нестеренко жеңіп алды. Бұл бағыт әлем чемпионатының бағдарламасына алғаш рет енгізілген.
Ал кәсіби шеберлігі үшін медальдарға Ағыбай Мұхаметжан («Веб-технологиялар»), Нодирбек Рустамханов («Сантехника және жылыту»), Вадим Витковский («Дәнекерлеу технологиялары»), Дарья Мельник («Өнеркәсіптік дизайн»), Бағыжан Қойшыбаев («Графикалық дизайн») ие болды. «Мехатроника» бағытында өнер көрсеткен Рамазан Нұрлан мен Денис Панин де осы марапатқа қол жеткізді.
Ал Камила Алиева «Цифрлық интерактивті медиа дизайны» бойынша өнер көрсетіп, Қазақстан құрамасының «Best of Nation» марапатын алды.
Биылғы әлем чемпионатында Қазақстан атынан 31 құзыреттілік бойынша 33 колледж студенті қатысты. Олар жұмысшы мамандықтарымен қатар инженерлік, цифрлық және шығармашылық бағыттарда да өз шеберліктерін көрсетті.