Қызылорда облысының Шиелі ауданында алтын өндірумен заңсыз айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды
порталы.
Тергеу мәліметінше, топ Жаманкөл шатқалында табиғи алтын өндіріп келген. Оның ерекшелігі – алынған шикізатты күрделі өндірістік өңдеуден өткізудің қажеті болмаған.
Қылмыстық топта әркімнің өз міндеті болған. Біреулері алтын іздеушілерді тауып, өндіріс жұмысын ұйымдастырса, басқалары дайын өнімді тасымалдап, сатумен айналысқан. Ал қауіпсіздікке жауаптылар заңсыз жұмысты сырт көзден жасырып отырған.
Тіпті шатқал маңына арнайы бақылаушылар қойылып, мотоцикл мінген адамдар айналаны аңдыған. Олар бөтен адамдар немесе мемлекеттік органдардың қызметкерлері байқалса, топ мүшелеріне алдын ала хабар беріп отырған.
Өндірілген алтын кейін сату үшін Алматыға жеткізіліп, түскен ақша қатысушылар арасында бөлінген.
Тінту кезінде құрамында алтыны бар 500 грамнан астам шикізат, екі арнайы техника, 12 металл іздегіш және алты көлік тәркіленді. Бұдан бөлек, екі пневматикалық тапанша мен тегіс ұңғылы мылтық табылған.
Қазір қылмыстық іске қатысы бар деген 13 адам қамауға алынған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от QR QMA / АФМ РК (@afm_rk)