Мазмұнға өту
qandastar.

Шавкат Рахмоновтың әкесі дүниеден өтті

Бақытжан Мұса · · 692 қаралым
Шавкат Рахмоновтың әкесі дүниеден өтті

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Рахманұлы Алпамысов дүниеден өтті, деп хабарлайды Astana телеарнасы спортшының қарындасы Сора Рахмонованың әлеуметтік желідегі жазбасына сілтеме жасап, дейді Qandastar.kz.

Сора Рахмонова марқұмның рухына арналған бейсенбілік Құран асы 13 тамыз күні сағат 18:00-де өтетінін хабарлады.

Ол жазбасында жиынға қатысып, марқұмның рухына дұға ету отбасы үшін үлкен қолдау болатынын атап өткен.

Марқұмның жақындары көңіл айтып, дұға жасаған барша азаматтарға алғыс білдірді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp