Мазмұнға өту
qandastar.

Шекара бекетінде жүргізушілерден ақша бопсалағандар анықталды

Малика Хамит · · 9 қаралым
Шекара бекетінде жүргізушілерден ақша бопсалағандар анықталды

Жамбыл облысында шекара бекеті арқылы өтетін көлік жүргізушілерінен ақша талап етіп келген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, қылмыстық топ ауыр жүк көліктері, автобустар, жеңіл және транзиттік көлік жүргізушілеріне қысым көрсетіп, олардан жүйелі түрде ақша бопсалаған.

Күдіктілерді ұстау операциясын Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті және прокуратурамен бірлесіп жүргізген.

Тергеу аясында 27 жерде тінту жүргізілді. Нәтижесінде суық қару, байланыс құралдары, қомақты қаражат және бірнеше автокөлік тәркіленді.

[embed]https://youtu.be/YOPVkBoZ02s?si=GO0KtNA11-7f5FrU[/embed]

Қазір күдіктілердің әрқайсысының әрекеті, қылмыстық схемадағы рөлі және осы іске қатысты болуы мүмкін басқа да эпизодтар анықталып жатыр.

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа, бопсалауға және азаматтар мен кәсіпкерлерге қысым көрсету фактілеріне қарсы жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp