Түркістан облысындағы мемлекеттік шекарада заңсыз делдалдық қызмет ұйымдастырды деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды
порталы.
Ресми мәліметке сәйкес, топ мүшелері ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне кедендік рәсімдерді жеделдетіп өткізіп береміз деп уәде беріп, заңсыз қызмет көрсеткен.
Қазіргі уақытта 17 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның ішінде бес күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Арнайы операцияны Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген. Іс-шараларды прокуратура үйлестірген.
Тінту барысында күдіктілерден бес бірлік атыс және пневматикалық қару, ірі көлемдегі ақша қаражаты, сондай-ақ тергеу үшін маңызды өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Құзырлы органдар қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от ҚР ҰҚК / КНБ РК (@knbgovkz)